Қаңтар оқиғасы. Полиция 288 млн теңгенің ұрланған мүлікін анықтады – Әділов

2 Наурыз 2022, 15:07
1338
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Полиция 288 млн теңгенің ұрланған мүлікін анықтады – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Полиция органдары жұмысының, ең алдымен, зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне жәрдемдесуге және келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша шаралар қабылдауға бағытталғанын атап өткім келеді. Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің ұрланған мүлкін анықтау және алу бойынша жұмыс та жалғасуда, - деді Әділов. 

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер барысында 1502 бизнес объектісі шабуылдарға ұшырады.

Оның ішінде 1360 сауда объектісі мен дүкен, 36 банк офисі мен көшедегі банкомат, 31 қоғамдық тамақтану орны, 26 ломбард, 21 жанармай станциялары, 6 базар,  4 валюта айырбастау пункті, 3 дәріхана, 1 автосалон мен кәсіпкерліктің басқа да объектілері. Мемлекеттің полицейлері сомасы 288 млн теңгеден артық ұрланған мүлікті анықтап алды,- деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы