Қаңтар оқиғасы. Кінәлілер қалай жазаланады?

25 Сәуір 2022, 14:44
1253
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Кінәлілер қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жаппай тіртпісіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, Атырау облыстарында болды. Әрбір өңірде тергеу топтары жұмыс жүргізіп жатыр. Қылмыстық істер сотқа жолданып жатыр. Бүгінгі таңда тергеу органдарында аталған санат бойынша 5041 қылмыстық іс бар. Оның 49- жаппай тәртіпсіздік, лаңкестік бойынша 45 іс бар, - деді ол. 

Қилымжанов Шымкентте жаппай тіртіпсіздік бойынша 8 күдіктінің ісі сотқа берілгенін айтты. 

Қызылорда облысында 7 адамға қатысты істер кәніні мойындау бойынша сотқа жіберілді. Күдікті айыптау мен дәлелдемелерге келіскен жағдайда онымен кінәні  мойындау туралы келісім жасалады. Сотта 10 тәулік ішінде қаралады. Жаза осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнен аспайды. Бұл рәсім бойынша 3 адам бойынша үкім қабылданып, бас бостандығынан айыру емес жазасы тағайындалды, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданды. 

243 адам сотталды. Қазір 585 күдікті қамауда отыр, - деді Елдос Қилымжанов.

Өзгелердің жаңалығы