Қаңтар оқиғасы кезіндегі шығын үшін Алматы әуежайы өтемақы алмаған

20 Ақпан 2024, 14:10
745
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы кезіндегі шығын үшін Алматы әуежайы өтемақы алмаған
Фото: автордан

Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайға келген шығын үшін мемлекеттен өтем алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Алматы әуежайының жаңа терминалының жұмыс барысын таныстыру жиынында атап өтті. 

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайына 300 млн доллар шығын келген. Ол кезде адамдар дүкендер мен банкоматтарға шығын келтірді. Қуанышқа орай ешқандай жүйе зардап шеккен жоқ. Әкімдік және мемлекет тарапынан қолдау алған жоқпыз. Біз шығындарды өтеп беру жайлы өтініш білдірмедік. Себебі әуежай ғимараты сақтандырылған, сол арқылы келтірілген шығын сомасын өндіріп алдық. Дегенмен қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты әуежай бір аптаға жабылды. Сол себептен бір апталық табыстан айырылып қалдық. Біз мұндай жағдайда да мемлекеттен көмек алмадық, – дейді Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой. 

Өзгелердің жаңалығы