Қаңтар оқиғасы. Депутаттарға және БАҚ-қа бәрі ашық айтылды – Президент

16 Наурыз 2022, 11:28
1276
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Депутаттарға және БАҚ-қа бәрі ашық айтылды – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Тоқаев Парламент қабырғасында құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп бергеніне тоқталды.

Мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Депутаттарға және БАҚ-қа бәрі ашық айтылды. Қоғамды мазалаған сұрақтарға жауап берілді. Бұл қаңтар оқиғасына әділ баға беруге, ең алдымен биліктің мүдделі екенін көрсетеді. Мен мұны толық қолдаймын. Біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл – менің жеке қағидатым, - деп айтты Президент.

Тоқаев атағандай, қазіргі күні тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы мәселемен арнайы мекемеаралық шұғыл тергеу тобы айналысып жатыр. Құқық қорғау органдарына жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруды тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы