Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам қамауда отырғаны белгілі болды

4 Сәуір 2022, 16:41
1557
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адам қамауда отырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі таңда барлық қылмыстық іс бойынша 733 адам қамауда отыр. Санитарлық норма, тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және басқалары бойынша оларға жағдай жасалған. Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау - прокуратура қызметінің мінсіз бағытының бірі. Күдіктілерге қандай да бір қысымның болмауы мақсатында прокурорлар қызметтік ғимараттарды күнделікті тексереді, - деді ол. 

Қилымжанов атап өткендей, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарға да жаза қолданылады. 

Қазір бұл бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Прокуратура мен құқық қорғау органдары тергеудің толыққанды орындалуын қамтамасыз етіп жатыр, - деді Қилымжанов. 

Өзгелердің жаңалығы