Қаңтар оқиғасы: Арандатушылар халықтың атын жамылып, заңсыз талаптар қойды – министр

5 Қаңтар 2023, 11:28
540
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы: Арандатушылар халықтың атын жамылып, заңсыз талаптар қойды – министр

Арандатушылар жаппай әділетсіздік бейнесін қалыптастырғысы келді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Араға кәсіби арандастушылар қосылды. Олар халықтың атын жамылып, заңсыз талаптарды қоя бастады. Көпшілікке дұрыс емес пікір беріп, басқаруға тырысты. Шындықты бұрмалады. Популистік заңсыз ұрандарды таратты, – деді ол.

Ведомства басшының сөзінше, бүлікшілер жаппай әділетсіздік бейнесін қалыптастырғысы келді.

Бейбіт жиналыс заңсыздыққа ұласты. Қаланың екі жағынан жиналған мыңдаған адам («Алматы-Арена», «Халық-Арена» спорт кешендері) Орталық алаңға бет алды.

Қоғамдық жаппай тәртіпті бұзу басталды - заңсыз шеру  ұйымдастырылды, қалада кептелістер пайда болды, наразылыққа шыққандардың саны артты. Демонстранттар көліктерді тоқтатты. Жүргізушілер мен жолаушыларды алаңға баруға мәжбүрледі. 

Жолда олар арматурамен, таяқтармен және тастармен қаруланды. Полицияның заңды талаптарына бағынбады. Онымен шектелмей, заңсыз шеруді тоқтатуға жұмылған Ұлттық ұланның 250 әскери қызметкеріне шабуыл жасады. Олардың 30-ы дене жарақатын алды. Оларға көмектесу үшін қосымша қызметкерлер мен СОБР тартылды, – деді Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы