Қаңтар оқиғасы: 8 өңірде 30 мыңнан астам тергеу жүріп жатыр

18 Шілде 2022, 15:06
1838
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы: 8 өңірде 30 мыңнан астам тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңға дейін сотқа дейінгі тергеп, тексеру тіркелген. Қиратулар, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері  Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалған. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерлерге шабуыл жасап, жолды жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген. Одан бөлек тонаушылық та болған. 

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдары ғимараттарына шабуыл жасады. Бүгінде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша – 53, терроризм актілері бойынша -  32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттерінің аяқталуына қарай істер сотқа жодануда,-деді Қилымжанов.

Сонымен қатар ол Алматыда арнайы прокурорлармен 3 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер аяқталғанын жеткізді. Олар жаппай тәрітпсіздіктерге қатысқан, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаған және билік өкілдеріне күш қолданды деп күдікке алынған. 

Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні аталған қылмыскерлер Алматының орталық алаңында басқа адамдармен топтасып полицияның  42 қызметтік автокөлігін қиратты. Қолжетімді құралдармен қаруланып, құқыққорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады. Содан кейін әкімдік ғимараттарына шабуыл жасауға және өртеуге белсенді түрде қатысты. Олардың осы қылмыстарға қатысқаны бейнекамера жазбаларымен, куәгерлердің жауаптары және сараптамалық зерттеулермен расталды. Қылмыстық іс-айыптау актісі негізімен қарау үшін  сотқа жолданды,-деді ол. 

Қалған қылмыстық істер арнайы прокурорлармен дәлелдемелерге жинау және барлық қатысты адамдарды қылмыстық жауапқа тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. 

Бүгінде 8 өңірде 30 мыңнан астам тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. 4 мыңнан аса сот сараптамалары тағайындалды,-деді  Елдос Қилымжанов.
 

Өзгелердің жаңалығы