Қаңтар оқиғасы. 323 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

4 Сәуір 2022, 16:48
1702
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 323 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тергеудің нәтижелері бойынша сотқа 323 адамға қатысты 209 қылмыстық іс жолданды. 152 адам сотталды, оның ішінде 133 адамның бас бостандығы шектелінді, 17 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, қоғамдық жұмысқа және айыппұл салуға бір адамнан тартылды, - деді Әділов.  

Ол полиция органдарының жұмысы, ең алдымен, зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне жәрдем көрсетуге және келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша шараларға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстың нақты мән-жайларын анықтау және оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту тергеудің басты мақсаты, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы