Қаңтар оқиғасы. 1300-ге жуық тұлға жәбірленуші болып танылды

4 Ақпан 2022, 20:37
1577
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 1300-ге жуық тұлға жәбірленуші болып танылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов «қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша ресми мәлімдеме жасады.

Құқық қорғау органдары қаңтардағы оқиғалардың барлық мән-жайын анықтау үшін көп уақытты талап ететін үлкен жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні 1 300-ден астам медициналық, балистикалық және басқа сот сараптамалық зерттеу тағайындалды. Олардың көбі күрделі сараптама. 2-3 айға дейін созылуы мүмкін, - дейді Елдос Қилымжанов.

Сөзінше, бұл ең алдымен оқиға кезінде қаза болған азаматтарға қатысты мән-жайларды анықтап, мұқият тексеру үшін қажет. 

Тергеушілер 1 500-ге жуық оқиға болған орынды қарап шықты. 10 мыңнан астам тергеу амалдарын жүргізілді. 1 279 тұлға жәбірленуші болып танылды, - деп айтты прокурор ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы