Қаңтар оқиғасы: 122 адам бас бостандығынан айырылды

7 Қараша 2022, 16:43
1155
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы: 122 адам бас бостандығынан айырылды

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтарға қатысы бар 122 адамның бас бостандығынан айырылғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша,  арнайы прокурорлардың істерімен 40 мыңнам астам тергеу әрекеттері жүргізілген.

Барлық істер бойынша 3-мыңнан астам сараптамалар жүргізілді. 1 249 адамға қатысты 552 іс сотқа жолданып, 1 113 азамат сотталды, оның ішінде 423 жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмағанда жазаны жеңілдету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Бас бостандығынан айыруға тек 122 адам сотталды, бас бостандығынан шектеуге – 521, шартты жаза – 419, қоғамдық жұмыстарға – 7, айыппұл – 6 және 14-і ақталмайтын негіздермен тоқтатылған, деп мәлімдеді Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов. 

Өзгелердің жаңалығы