Қант бағасының күрт өсіп кетуіне жол бермейміз - АШМ

17 Мамыр 2022, 12:48
1319
Бөлісу:
Қант бағасының күрт өсіп кетуіне жол бермейміз - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі қант бағасының тұрақты екенін айтты.

Жалпы қазір әлемде қант бағасының өсуі тенденцияға айналып отыр. Алайда, қазір қант бағасы тұрақты деп айтуға болады. Қазір қай жерге барсаңызда қанттың бағасы 400-500 теңгеден сатылып жатыр. Бұл қанттың жеткізілуіне, биржалық бағаларға байланысты. Бізде 4 зауыт бар, оларды керекті шикізатпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Мамырда шамамен 32-35 мың тонна, маусымда шамамен 40-45 мың тонна өнім береді деп күтілуде.  Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, -деді ол.

Ведомства  басшысының атап өтуінше,  қант бағасы күрт өспейді.

Кейбір дүкендерде 500-600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл сауда желілерінеде байланысты. Елде өндірілетін қанттың шамамен 70 пайызы құрақ қантынан өндіріледі. Қант саласын дамыту бағдарламасын әзірлеудеміз. Жыл соңына қант бағасының күрт қымбаттамайтынын айта аламын, -деді Қарашөкеев. 

Өзгелердің жаңалығы