Британдық ғалымдар қант алмастырғыштың қауіптілігін дәлелдеді

24 Шілде 2019, 14:36
1492
Бөлісу:
Британдық ғалымдар қант алмастырғыштың қауіптілігін дәлелдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англиядағы Сассекс университетінің ғалымдары көпшілікке белгілі тәттілендіргіштің өмірге қауіп төндіретін тұстарын анықтады. Бұл туралы MedicalXpress жазды. 

Денсаулығын жақсартып, пайдалы өмір салтын ұстанамын деп жүріп, адамдар «зиян» қантты қауіпті химиялық заттекке алмастырып алды. 

Мамандардың айтуынша, қантты алмастыратын аспартам тәттілендіргіші адам денсаулығына едәуір зиян келтіруі мүмкін. 

1974 жылдан бастап ғалымдар сусындарда Е951 деп белгіленетін аспартамның өмірге қауіп төндіретінін ескертіп келеді. 

Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, аспартам миға зиян келтіріп, бауыр және өкпе обырын туындатады. Сондай-ақ, нейроэндокриндік бұзылыстарға себепкер болып, адамды түрлі ауруларға душар етеді. 

Ғалымдар 2013 жылы Еуропаның тағам өнімдері қауіпсіздігін бақылау басқармасы (EFSA) аспартамның қауіпсіз деп мәлімдегенін айтып өтті. Олардың сөзінше, ғалымдар Еуропаның тағам өнімдері қауіпсіздігін бақылау басқармасы (EFSA) қантты алмастырғыштың қауіпті екенін дәлелдейтін зерттеулерге назар аудармайтынын айтты. Өйткені, басқарма мамандары аспартамның қауіптілігін дәлелдейтін 73 шақты зерттеу жұмыстарын жоққа шығарып, елеп-ескермеген көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы