Қансорғыш жәндіктерге қарсы препараттар адам денсаулығына зиянды емес – мамандар

24 Мамыр 2023, 19:40
1363
Бөлісу:
Қансорғыш жәндіктерге қарсы препараттар адам денсаулығына зиянды емес – мамандар
Фото: автордан

Қансорғыш жәндіктермен күресуде қолданыладын препараттар адам денсаулығына зиянды емес. Сала мамандары тұрғындар арасында тарап кеткен қауесеттің шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Айгерім Қабылтаеваның айтуынша, халық әлеуметтік желілерге тараған пікір хлорпирифос химикатын пайдалануға қатысты болды.

«Бұл препарат облыса жүргізілетін дезинсекциялық жұмыстар барысында 2020 жылдан бері қолданылмайды. Себебі, ғылыми топтың кеңесі ескерілді. Қазіргі уақытта нарықта препараттардың жетілдірілген түрлері бар. Ел аумағында қауіптілігі төртінші санатқа жататын құралдарды қолдануға рұқсат етілген. Бұл препарттардың қауіпсіздік және сәйкестік сертификаттары бар. Улау шаралары барысында нұсқама мен ғалымдардың кеңестері қатаң сақталады», - дейді Айгерім Қабылтаева.

Аймақта қансорғыш жәндіктерге қарсы күрес шаралар барысында «Бактицид» биологиялық препараты қолданылады. Биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметовтің айтуынша, дизенсекциялық құралдардың барлығы еліміздің денсаулық сақтау министрлігінде тіркеліп, зерттеулер жүргізіледі. Ғалым қансорғыш жәндіктер мәселесін соңғы 20 жыл бойы зерттеп келеді.

«Дезинсекциялық препараттар бойынша зертханалық зерттеулер Мәскеудегі арнайы зертханада жүргізіледі. Кейін тіркелген соң пайдалануға рұқсат беріледі. Жалпы, аймақта маса-шіркейлердің популяциясы жыл сайын біртіндеп азайып келеді. Мәселен, 2001 жылы насорғыш жәндіктер 21 мамырда жаппай ұшып шықты. Сонда бір шаршы дециметрге шаққандағы дернәсілдер саны алты мың дананы құраған, яғни, 9 есе көп болған», - дейді профессор.

Айта кетейік, биыл ззиянды жәндіктер тіршілік ететін Ертіс өзенінің 1130 шақырымдық аумағы өңделеді. Ол үшін биопрепараттың 166 мың литрі қолданылады. Дизенсекциялық құралды құю үшін өзен бойында төрт орын белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы