Қандастар мәселесіне қатысты қандай өзгерістер бар

24 Тамыз 2023, 13:24
1500
Бөлісу:
Қандастар мәселесіне қатысты қандай өзгерістер бар

Жыл басынан бері Қазақстанға барлығы 15,5 мың қандас келді, оның 9,6 мыңы еңбекке қабілетті. Бұл жайында Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шетелде табысты бизнес-кейстері бар этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілгенін хабарлады. Бүгінгі күні «Ата жолы» картасын алушылардың алдын-ала тізімі жасалды, оған 50 этникалық қазақ енгізілді, - деді көші-қон төрағасы.

Еске сала кетсек, «Ата жолы» картасы бар этникалық қазақтар басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие болуымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар спикер қандастарды қоныстандырудың жаңа алгоритмі қабылданғанын айтты.

Енді қабылдау үшін өңірді айқындау 4 негізгі санат бойынша жүзеге асырылады: жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қажетті кәсіп иелерін тарту; отбасын қауыштыру; Үкімет айқындаған өңірлерге жолдама беру; даму әлеуеті бар елді мекендерге қоныстандыру, – деді Асқарбек Ертаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Көші-қон басшысы қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеудің жолы қарастырылып жатқанын айтып еді.

 

Өзгелердің жаңалығы