Қандастар «Азия дауысы» халықаралық фестиваліне қатысады

28 Сәуір 2023, 14:33
924
Бөлісу:
Қандастар «Азия дауысы» халықаралық фестиваліне қатысады
Фото: freepik.com

«Азия дауысы» халықаралық фестиваліне шетелдегі қандастарымыз да қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың жыл сайын Алматыда өтетін халықаралық байқауы Азия дауысы жобасы қайта сахнаға оралды.

Азия дауысы жобасы араға 18 жыл салып, қайта жанданады. Осы орайда, биылдан бастап «Отандастар қорының» бастамасымен «Азия дауысы» сахнасында шет елдерде тұратын қандастарымыз да өнер көрсетеді.

Қандастардың байқауға қатысуы «Отандастар қоры" КЕАҚ мен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» ҚҚ қол қойған меморандумда белгілі болды.

Біздің бұл ұсынысымызға «Азия дауысы» ҚҚ жақсы көзқараспен қарап келісті. Өйткені өз өнерімен талайдың таңқалдырып жүрген қиырдағы қандастарымыз аз емес. Соларды қолдау, атамекенде атын шығарып, елге таныту мақсатында бірлесіп жұмыс жасаймыз. Бұл конкурсқа қатысып бағын сынаймыз деген қандастарымызда жетерлік. Қазір іріктеу критерилері талқыланып жатыр,-дейді «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның өкілі Нұрымжан Қасымұлы.

Өзгелердің жаңалығы