Қандас студент және оқушылар арасында өткен шығармашылық байқау аяқталды

15 Қараша 2022, 13:21
833
Бөлісу:
Қандас студент және оқушылар арасында өткен шығармашылық байқау аяқталды

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Отандастар қорының ұйымдастыруымен өткен қандас студент және қандас оқушылар арасында өткен шығармашылық байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 25 тамыздан 5 қарашаға дейін жалғасқан байқауға әлемнің 7 елінен 100-ден аса қандасымыз қатысты. Байқауға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз жұмыстарын жіберді. Сонымен қатар, екінші кезең «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының негізінде тест тапсырмаларын орындады.

11 қараша күні қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, өз шешімдерін шығарды.

Байқау жеңімпаздарының тізімі:

Бас жүлде – Нұриддин Солтанов (Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы);
Бас жүлде – Арманбек Жәкейхан (Моңғолия);
І орын – Мәдина Әбдуәлиева (Өзбекстан Республикасы);
І орын – Дарина Наштегі (Ресей Федерациясы, Алтай Республикасы);
І орын – Пуя Павиз (Иран Ислам Республикасы)
ІІ орын –Ақбөпе Кеңесқызы (Моңғолия);
ІІ орын – Ұлболсын Әбдіғалиева (Қарақалпақстан);
ІІ орын – Таня Жаңабаева (Өзбекстан Республикасы);
ІІІ орын – Әли Қажымұрат (Литва);
ІІІ орын – Сана Ескелді (Иран Ислам Республикасы);
ІІІ орын – Баян Тұрысбекқызы (Қытай Халық Республикасы).

Өзгелердің жаңалығы