Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қандас" құжатымен алдаған шетелдік бюджет ақшасына пәтер сатып алған

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі өндірісті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынып, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Заңсыз алынған қаражатқа құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алынғаны белгілі болды.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтінішімен сот аталған мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады. Алайда сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, біз бұған дейін қандастарға биыл қандай қолдау көрсетілетіні жайында жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы