Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды

26 Маусым 2022, 09:35
1777
Бөлісу:
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов ҚР Ішкі істер министрлігінде лауазымды қызметке ие болды.

Қанат Таймерденов ҚР ІІМ Орталық аппаратына басшылық қызметке ауыстырылады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол Алматы қаласы ПД бастығы қызметін 2020 жылдың қаңтарынан бастап атқарды.

Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген.
Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.

Таймерденов органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды. Ол Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.

Өзгелердің жаңалығы