Қанат Ислам GGG мен Деревянченко жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді

3 Қазан 2019, 15:32
2423
Бөлісу:
Қанат Ислам GGG мен Деревянченко жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен баспасөз мәжілісі барысында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 5 қазан күні өтетін Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко кездесуіне өз ойын білдірді. 

«Мен Сергеймен екі рет кездесу өткіздім. Біріншісінде мен жеңдім, екіншісінде ол жеңді. Негізі Алматыда өткен жекпе-жектегі жеңіс маған бұйыру керек еді, алайда төрешілер Сергейдің қолын көтерді. Сергей өте мықты боксшы, дегенмен Головкиннің деңгейі жоғары деп ойлаймын. Сергей төбелеске бара біледі, бірақ Головкин алдап кетеді деген ойдамын. Бұл кездесу Головкин үшін үлкен сынақ болмақ, өйткені қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес. Сол үшін Головкинге тек қана сәллітік тілеймін. Еліміздің туын желбіретіп, қазақтың мықтылығын әлемге дәлелдей берсін», - деді ол.

Бұған дейін «Qazaq Promotions» компаниясының директоры Дархан Мұқтарбек Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде Қытай төрінде Қанат Исламның қатысуымен бокс кешін ұйымдастыратындарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы