"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде 14 қазанға дауылды ескерту жарияланды.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с болады.
Ұлытау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысы мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.