Қаланың дамуы инженерлік инфрақұрылыммен қатар жүруі тиіс - Қасымбек

5 Ақпан 2023, 19:00
875
Бөлісу:
Қаланың дамуы инженерлік инфрақұрылыммен қатар жүруі тиіс - Қасымбек

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың дамуы инженерлік инфрақұрылым құрылысымен қатар жүруі тиіс. Олар — су құбыры, кәріз, электр және т.б. желілері. Елорданың өмір сүру сапасы олардың үздіксіз жұмысымен тікелей байланысты. Қаланы аралау барысында кәріз-тазарту құрылысының (КТҚ), тазарту құрылыстарының (Жастар шағын ауданы), ауыз су станцияларының және т.б. жұмысымен таныстым, - деді Қасымбек.

Қаланың дамуы инженерлік инфрақұрылыммен қатар жүруі тиіс - Қасымбек

Мәселен Үркер (Ильинка) елді мекенінде нөсер кәрізінің үшінші кезегін жобалау жүріп жатыр. 

Жобаның қуаттылығы тәулігіне шамамен 45 мың м3 құрайды. Жобаны іске асыру Үркер елді мекенінен, Қорғалжын тас жолынан, т.б. еріген қар және жаңбыр суын бұруды қамтамасыз етеді.

Сол сияқты кәріз-тазарту құрылысын (КТҚ-2) жобалау, инженерлік желілерді жаңғырту, электр қосалқы станцияларын реконструкциялау жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ауыз су станциясының (ССС-3), газ жылу станцияларының және т.б. құрылысы жүріп жатыр. Мәселен ауыз су станциясының қуаты (ССС-3) тәулігіне 100 мың текше метрден асады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы