Нұр-Сұлтанда қаламаңы тасымалының жаңа бағдары ашылды

31 Тамыз 2019, 12:08
1922
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қаламаңы тасымалының жаңа бағдары ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қаламаңы бағытындағы жаңа автобус іске қосылды. Бұл туралы «Astana LRT» компаниясынан мәлім етті.

«Осы сенбі, 31 тамыз күні №321 қаламаңы бағытындағы жаңа маршрут қатынай бастайды. Аталмыш қаламаңы бағытындағы автобустар «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасынан «Нұрлы» саяжай кенті» аялдамасына дейін тасымалдайды», - делінген ақпаратта. 

Компания ұсынған кестеге сәйкес №321 автобус: «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» - «Онкологиялық диспансер» - «Мирас» Халықаралық мектебі, Ғ.Мұстафин көшесі – Бурабай көшесі - «№2 қалалық балалар ауруханасы – «Нұрлы» саяжай кенті» бағытымен жүреді. 

Саяжай кентінде 8 көшеге (Болашақ көшесі, Береке, Наурыз, Аққайың, Қарақат, Арман, Бірлік және  Махаббат) тоқтайды да, кері бағытта қайтады.   

Маршруттың жалпы ұзақтығы – 40,9 шақырым. Автобустарды күту интервалы көрсетілмеген. 

Өзгелердің жаңалығы