Қаладан ауылға көшетін азаматтарды қолдауымыз керек - Берік Әбдіғалиұлы

26 Қараша 2022, 13:42
2809
Бөлісу:
Қаладан ауылға көшетін азаматтарды қолдауымыз керек - Берік Әбдіғалиұлы

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы еліміздегі ауылды мекендерді қалай өркендетуге болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні азық-түліктің бәрі қымбат. Мысалы, Ұлытау облысында 19 әлеуметтік азық-түліктің үшеуі ғана шығады. Олар, атап айтқанда: ет, нан, бидай. Қалған өнімдердің бәрі сырттан келеді. Сондықтан ауылды дамыту азық-түлігіміздің тұрақтылығы үшін аса маңызды. Ең басты мәселе, біз ауылдан қалаға көшті тоқтатуымыз керек. Әрине, ол үшін ауылда барлық жағдайды жасау керек. Оның ішінде қаладан ауылға баратын азаматтарға қолдауымыз керек. Субсидиядан бастап,  басқа да қолдау жасағанымыз жөн, - деді ол ҚР Президентін ұлықтау  рәсімінен кейін.

Айтуынша, ауыл жағдайы әзірше аман тұр.

Қаладан ауылға көшті арттыру -  ауылды көркейтудің жолы деп ойлаймын. Қаланың жағдайын бәрі жұмылып шешіп жатыр. Өкінішке қарай, өңірлердегі кейбір ауылды мекеннің жайы назардан тыс қалып жатыр. Меніңше, бүгінгі рәсімнен кейін нақты жоспар бекітіледі, - деді Берік Әбдіғалиұлы. 

Өзгелердің жаңалығы