Қала тұрғындарының пікірін ескеретін «Берекелі бастама» порталы іске қосылды

27 Қаңтар 2022, 12:28
1527
Бөлісу:
Қала тұрғындарының пікірін ескеретін «Берекелі бастама» порталы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаладағы өзгерістерді тұрғындардың пікірін ескере отырып жүргізу қажет. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Халықтың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту - аса маңызды міндет. Қалалардың тұрақты түрде өсуі қалалық кеңістікті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін сондай-ақ тәртібін қатаң сақтауды талап етеді. Өкінішке қарай қазір елімізде қалалар ретсіз, көбіне жұртшылықтың пікірін және қаланың даму перспективаларын ескермей салынуда. Жалпы қаладағы өзгерістерді урбанистер мен тұрғындардың пікірін ескере отырып жүргізу маңызды, - министр «Қалалық кеңістікті қалыптастырудың жаңа тәсілдері» туралы тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Өскенбаевтың айтуынша, әрбір азамат өз қаласын дамытуға қатыса алу үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа ерекше назар аударылуы тиіс.

Дәл осы мақсатта қазақстандық урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, «Берекелі бастама» дауыс беру порталын іске қосамыз. Бұл порталда қаланың әрбір тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша өзінің ұсыныстарын айта алады. Жобаны урбанистер ғылыми тұрғыда қарап, ең үздіктері порталда дауысқа салынады. Сосын дауыс берудің қортындылары бойынша қаржыландыру және іске асыру үшін басымдықтара айқындалады, -деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы