"Астана Тазалық" ұйымы бас директорының орынбасары Ерлан Бақытұлымен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана тазалық мекемесінің басты қағидаты - тазалық екені мәлім. Осы тазалықты сақтауға қаншама адам, неше мың техника жұмылдырылады. Сіздер үшін ең қиын маусым туралы айта кетсеңіз?
"Астана Тазалық" ЖШС – Астана қаласының: «Есіл», «Алматы», «Сарыарқа», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарында санитарлық тазарту, механикаландырылған жинау, су тасқынының алдын-алу жұмыстарын атқарып, тәулік бойы қызмет етеді.
«Астана Тазалық» штаты 2000-нан астам адамнан тұрады. Бұл негізінен жол жұмысшылары, жүргізуші-механизаторлар, инженерлік-техникалық құрам. Күн сайын, жалпы алғанда, қысқы мерзімге 381 техника дайындалып, оларды қысқы кезеңде пайдалануды жоспарлаймыз. Әрине, ең қиын кезең – қыс мезгілі. Қыс мезгілінде жауған жауын-шашын мөлшеріне байланысты жұмысымыз тәулік бойы жалғасатын кездер болады. Жүргізушілер ауа райының қолайсыздығына байланысты кезекшіліктерге ауысады, сондықтан көшелерді тазалауға дереу кірісуге болады. Сонымен қатар, төмен температураның да өз әсері бар. Қысқы уақытта жұмыс ауыр болса да, жауапкершілігі зор. Өз қиыншылықтары мен кедергілері бар. Жеңіл жұмыс жоқ, жазғы мезгілде де тазалау жұмыстарында өз ерекшеліктері бар. Қыс мезгілін ерекше атап өтуге болады.
Жұмысшылар жағынан тапшылық бар ма? Орташа жалақы қандай мөлшерде?
Басқа мекемелердегідей біздің мекемеде де жұмыс күшінің тапшылығы байқалады. Көбіне жүргізушілер жетіспей жатады. Барлығы арнайы техниканы жүргізе алмайды, арнайы дайындық қажет болып жатады. Жұмысшылардың орташа жалақысын айтатын болсақ жол жұмысшылары 250 мың теңге алса, арнайы техниканы басқаруына байланысты 800-900 мың теңге жалақы алып отырады. Бұл санатына, біліктілігіне, техниканың ерекшелігіне байланысты болады.
Сіздерде ерікті болып жұмыс істегісі келетіндер бар ма?
Еріктілер ол тегін істеуі керек. Біз тегін демей-ақ қояйық, әр адамды жол жұмысшысы ретінде жұмысқа қабылдай аламыз.
Тұрғындардың өз ұсыныстарын жеткізе алатын арнайы желі бар ма?
Жалпы қала бойынша iKomek 109 Астана ақпараттық қызмет жұмыс істейді. Сол жаққа түскен өтініші, арзы-шағымдардың бізге қатысты мәселелері болса, бізге жібереді. Біз өз тарапымыздан ол мәселелерді дер уақытында қарап, ол бойынша жұмыс істеліп, жауабы үнемі беріліп отырылады.
Бұдан басқа «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде «Таза Қазақстан» чат-боты телеграмында жұмыс істеліп жатыр. Ол жерде де біздің операторлар тәулік бойы бақылап, егер біздің учаске бойынша ұсыныстар түссе, бірден атқаруға тырысамыз.
Күніне қанша қоқыс шығарылады? Ең көп қоқыс шығарылатын қандай уақыт?
Қоқыс мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде жыл мезгіліне байланысты деуге болады. Қайткенменде жаз айында қоқыс көлемі едәуір көп болады. Қыс уақытында көбіне қар шығарамыз. Қарды біз арнайы қар полигондарына шығарамыз. Қоқысты да арнайы полигондарға шығарамыз. Олармен бізде арнайы келісімшарттар бар. 7 қарашадан бастап бізде 7 тәулік ішінде бізде бір айдың көлеміндегі қар жауды. Қараша айындағы норма 29 мм болса, бр аптаның ішнде 34 мм қар жауды. Бүгінгі күнге дейін 100 куб қар шығарылды. Үш мың тонна техникалық реагент қолданылды. 422 куб сұйық түрде қолданылды.
Биылдан бастап біз құмнан тегіс бас тарттық, яғни жол тайғанақ болса құм сеппейміз. Қазір жолдарда шаң жоқ. Өйткені біз бұл жолы құм араластырмаған таза реагенттерді ғана шаштық. Бұған дейін жыл сайын жолдарға тонналап құм шашылатын еді. Соның салдарынан шаң көтерілетін.
Сондықтан көктемде біздің қаламыз шаң-тазаңнан таза болады деп үімттеніп отырмыз. Қаланың экологиялық жағы да жақсарып, бұл тұрғындардың да денсаулығына жақсы әсер етеді деп сенеміз.
Астананының тазалығына жауапты жұмысшылардың дені үлкен кісілер екені рас па?
Бізде жұмыс істейтін жұмысшыларымыздың орташа жазы 50. Біздің жұмыс істеу кестеміз де өте ауыр. Физикалық жүктеме де біршама ауыр. Кез келген адам жұмыс істей бере аламайды. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатады.
Заңсыз қоқыс төгетіндермен күрес қалай жүріп жатыр?
Егер ондай фактілерді байқасақ, онда хаттама толтыру үшін полиция қызметкерлеріне фото, видео материалдар жіберіледі. Күнделікті бұл бойынша хаттама толтырылып тұрады. Бұл жұмыстар өз жемісін беріп жатыр деп те айтуға болады. Мысалы бір рет айыппұл салынғаннан кейін, екінші рет заңсыз қоқыс тастамайды.
Әлемдік тәжірибені алар болсақ, үлкен қалаларда жол бойынша қоқыс жәшіктері болмайды. Өйткені бұл үлкен шығын, яғни қаржы көп кетеді. Өзге елдерде адамдар қоқысты өзімен бірге алып кетіп, оны сұрыптап, арнайы жәшіктеріне салып отырады.
Сөзіңіз аузыңызда, біздің елде де адамдар қашан қоқысты сұрыптап салу әдісіне көшеді?
Астанаға осындай жобаны енгізу жөнінде өз ұсынысымызды әкімдікке жолдадық. Нақты шешімді жергілікті атқару орғандары қабылдайды.
Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергініңізге алғыс айтамыз.
Деректер: Серіктестік 2008 жылы құрылған.
Басты міндеттеріне
-қоқыстарды жинау және жою;
-көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, кірме жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырылған әдіспен тазалау кіреді.
Бүгінгі таңда бізге бекітілген тазаланатын аудандардың үлесі:
"Алматы" ауданы – 49%,
"Есіл" ауданы – 60%,
"Сарыарқа" ауданы – 40%,
"Байқоңыр" ауданы – 30%,
"Нұра ауданы" – 35%.
"Астана Тазалық" заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді қолданады. Құрамында 400-ден астам арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүзеге асырады.
Барлық техника GPS-навигация жүйесімен жабдықталған. Диспетчерлік GPS бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Операторлар арнайы техниканың жұмысын реттеп, жолдардағы жағдайды тұрақты бақылап отырады. Сондай-ақ, көшелерді тазалау цикліне бақылау жасауға мүмкіндік беретін арнайы чаттар құрылған.
Сонымен қатар, "Астана Тазалық" елордадағы тазалық деңгейін арттыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық шараларға белсенді қатысады.