Қосшы қаласында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталыныңбазасында сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық шарттарды беру қызметтерінің процесі сынақтан өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ .
Мәселен, Қосшы қаласының әкімдігі және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, өтініш беру, сондай-ақ жылу, электр қуатын, сумен жабдықтау әрі су бұрудың техникалық шарттарын ұсынумен қатар рұқсат беру құжаттарын алу процессі көрсетілді.
Айта кетейік, құжаттаманы берудің автоматтандыру құралдарын сынақтан өткізу үшін қала құрылысы жобаларының материалдары, топографиялық түсірілімдер, инженерлік коммуникациялар мен табиғи монополиялар субъектілерінің қуаттарының деректері цифрландырылып, геопорталға енгізілді.
Автоматтандырылған қызметтерді енгізу бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын және техникалық шарттарды алу процесін едәуір оңтайландырады деп көзделіп отыр. Демек өтініш беруші учаскенің инфрақұрылыммен, сондай-ақ бос қуат көздерімен қамтамасыз етіліп, олардың даму перспективаларын нақтылауға мүмкіндік алады.
Тұтастай алғанда, жобалау және құрылыс кезеңдерінде мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің геопорталын пайдалану қала құрылысы регламенттерін сақтап, бейберекет және дәлме-дәл құрылыстарды болдырмауға, сондай-ақ елді мекенді дамыту жоспарларының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай геопортал цифрлы бас жоспардың, дәлме-дәл жоспарлау жобаларының, ғимараттардың, коммуникациялардың, сондай-ақ аумақтарды абаттандырудың ашық деректерін жинап, өңдеумен бірге сақтауда септігі мол.