Қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30 Сәуір 2024, 19:32
411
Бөлісу:
Қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
VIDEO
Фото: скрин

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдау нәтижелеріне сәйкес конкурстық құжаттамада мемелекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген талаптарды көрсету, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 207-б. 5, 7 және 10-б.б. бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Өзгелердің жаңалығы