"Ешкім ескерусіз қалмайды": Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілді?

30 Сәуір 2024, 19:25
303
Бөлісу:
"Ешкім ескерусіз қалмайды": Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілді?
Фото: Арман Мухатов - архив

Президент су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілетінін Ассамблеяның сессиясында айтқаны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жалғасып жатыр.

Үкіметтің соңғы ақпараты бойынша, 13 547 отбасы 4,9 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін 301 млн теңге берілген. 527 үйді қалпына келтіруге 682 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп ақпарат берілді «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы