Қадағалау актісі бойынша 21 млрд теңге өндірілді

8 Қыркүйек 2022, 14:56
890
Бөлісу:
Қадағалау актісі бойынша 21 млрд теңге өндірілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

​Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің  жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті.

​Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген. ​Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

​Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.

​Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік  төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

СЭҚ-тың 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарды, - делінген хабарламада.

​Қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы