Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

31 Мамыр 2023, 09:31
456
Бөлісу:
Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: Астана әкімдігі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылындағы жолға орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орташа жөндеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты биыл 31 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол-құрылысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды және қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы