Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің II айналымына шыға алмады

10 Наурыз 2023, 11:29
628
Бөлісу:
Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің II айналымына шыға алмады

Қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды  BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездесті.

Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты матчта Юлия Путинцева 3:6, 6:4, 4:6 есебімен есе жіберді. Ол 8 брейк-пойнттың жартысын пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

К.Мухова екінші айналымда Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады.

Жалпы жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған додада Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда америкалықтар Слоан Стивенс немесе Софья Кениннің біреуімен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы