Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ президентінің басты шарты – Қырымды Ресей Федерациясының құрамында екенін мойындау және Украинаның денацификациясы, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы Франция басшысы Эммануэль Макроном телефон арқылы сөйлесу кезінде айтты.
Путин Украинадағы жағдайды реттеудің шартын атады. Ол Украинаның әскери операцияларды тоқтатуы мен ұлтшылдық идеологиядан бас тартуын, сондай-ақ Қырымға бейтарап статус беріп, оны Ресейдің құрамында екенін мойындауды талап етуде.
Сонымен қатар Путин Украин әскері бейбіт тұрғындарды қалқан етіп пайдаланып отырғанын атап өтіп, олардан келер қауіпке тоқталды.
РФ басшысының айтуынша, ресейлік әскер бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмейді және азаматтық нысандарға шабуыл жасап жатқан жоқ.