Путин Тоқаевқа Ресейдегі ахуал жөнінде мәлімет берді

24 Маусым 2023, 15:54
5381
Бөлісу:
Путин Тоқаевқа Ресейдегі ахуал жөнінде мәлімет берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты.

Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы