Путин Ресейдің Украинамен тікелей келіссөздерге ашық екенін айтты

22 Сәуір 2025, 13:06
1104
Бөлісу:
Путин Ресейдің Украинамен тікелей келіссөздерге ашық екенін айтты
Фото: РИА Новости/ POOL

Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғалы алғаш рет Украинамен тікелей келіссөздерге дайын екенін білдірді. Ол Ресейдің "бейбіт бастамаларға әрдайым оң көзқараспен қарайтынын" айтып, Киев өкілдері де осылай қарайды деп үміт білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин Украинамен азаматтық нысандарға соққы жасамау туралы келіссөздерге дайын екенін меңзеген.

Украина президенті Владимир Зеленский тікелей жауап бермегенімен, "бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кез келген диалогқа" дайын екенін айтты. Ол Мәскеуден азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтатуға қатысты нақты жауап күтетінін жеткізді.

Соңғы рет Украина мен Ресей арасында тікелей келіссөздер 2022 жылғы ақпанда болған.

Бір мезгілде Одессаға дронмен шабуыл жасалып, үш адам жараланды, өрт шығып, тұрғын үй бүлінді.

Путин тікелей келіссөздер туралы ұсынысты сенбі күні жарияланған және жексенбіде аяқталған 30 сағаттық "пасхалық бітім" бұзылғаннан кейін айтты. Екі тарап бір-бірін бұл бітімді бұзды деп айыптады. Зеленский Ресей бітімді 3000 рет бұзғанын мәлімдеді, ал Ресей "Украина жүздеген дрон мен снаряд жіберді" деді. Бұл мәлімдемелер тәуелсіз түрде тексерілмеген.

АҚШ тарапынан да қысым артуда: Дональд Трамп прогресс болмаса, бейбіт келіссөздерден бас тартатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы