Путин: Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі

23 Желтоқсан 2021, 19:41
1253
Бөлісу:
Путин: Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы мен Қазақстан Президентінің ЕурАзЭҚ және ҰҚШҚ-ға мүше елдер көшбасшыларының Санкт-Петербургтегі жыл сайынғы бейресми кездесуіне қатысуын күтіп отыр. 

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі. Бізде бірегей қарым-қатынас қалыптасты. Оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев орнатты және қазір бұл бағытты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып, осы қарым-қатынасты қолдауда, - деді Путин.

Ол коронавирус пандемиясы жоспарланған бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермегенін атап өтіп, Қазақстан Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының Ресей Федерациясы басшысының шақыруын қабылдап, келесі аптада Санкт-Петербургке ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ мүшелерінің дәстүрлі бейресми кездесуіне келетініне үміттенетінін жеткізді.

Бұған сенім артып отырмын. Қазақстан басшылығы алдын ала режимде бұған келісті, - деді ол.


 

Өзгелердің жаңалығы