Пушкин туберкулезден көз жұмған ба?

18 Қазан 2020, 10:32
1580
Бөлісу:
Пушкин туберкулезден көз жұмған ба?

Алматы, BAQ.KZ. Финляндиялық Iltalehti газеті Ресей ақыны Александр Пушкиннің туберкулезден көз жұмғанын жазды.

Оқырмандар арасында дау туғызған бұл мақала 17 қазан күні жарияланған. Мақала авторы Хельи Салонен негізінен қазіргі пандемия кезіндегі туберкулез ауруының қауіптілігін талқылаған.

Автор оқырмандарға туберкулез ауруының маштабын көрсету үшін осы індеттен өлген танымал адамдарды тізбектеп шыққан. Бұл тізімге танымал финдік әдебиет өкілдері мен басқа да танымал шығармашылық иелері кірген. 

Олардың қатарында Эдит Сёдергран, Эмили Бронте, Франц Кафка, Джордж Оруэлл, Александр Пушкин және Антон Чехов бар. 

Өз кезегінде мақала оқырмандар арасында дау туғызбай қоймады. Оқырмандар ақындардың өліміне қатысты көптеген пікір қалдырып, өз ойларымен бөліскен.

Александр Пушкин туберкулезден қайтыс болды дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Ол 1837 жылы Дантеспен дуэльге шығып бақилық болған жоқпа еді?, - деп жазды бір оқырман.

Өзгелердің жаңалығы