ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

5 Қаңтар 2021, 14:53
1412
Бөлісу:
ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай-Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале-Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул-Алматы рейсімен келген, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы