ПТР анықтамасы жоқ 16 шет ел азаматы шекарадан өткізілмеді

21 Ақпан 2021, 19:50
1282
Бөлісу:
ПТР анықтамасы жоқ 16 шет ел азаматы шекарадан өткізілмеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 5 өткізу пункті жұмыс істеуде. Олар, Жамбыл ауданында (Айша бибі бекеті), Меркі ауданында (Сыпатай батыр бекеті), Қордай ауданында (Қарасу бекеті, Сортөбе бекеті, Аухатты бекеті).

Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен COVID19 індетін әкелу жағдайларын және таралуын алдын алу мақсатында шет елден келген азаматтарға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Соңғы тәулікте Жамбыл облысының шекарасы арқылы 538 жолаушы және 518 жүргізуші өтті. Бұның ішінде 13 Қазақстан Республикасы азаматының теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болмағандықтан 2 күндік карантинге жатқызылды. 

Сонымен қатар, 16 шет ел азаматының теріс нәтижелі ПТР анықтамалары болмағандықтан ел аумағына өтуге тиым салынды. Жалпы, Мемлекеттік шекара бекеттері арқылы 2021 жылдың басынан барлығы 14 041 жолаушы және 25 102 жүргізуші өткен. 

Бұның ішінде 1 274 Қазақстан Республикасы азаматының теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болмағандықтан 2 күндік карантинге жатқызылған. 

Сонымен қатар, 839 шет ел азаматының теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болмағандықтан, кері қайтарылған. Жыл басынан бері, шет елден арнайы анықтамасыз келген 12 ҚР азаматтарынан ПТР тест нәтижелері арқылы COVID19 анықталған.

Өзгелердің жаңалығы