"Процесті созғым келмейді": Күдікті Пак сотқа онлайн қатысуға тағы рұқсат сұрады

Үш адамның өмірін қиған апат ісінде күдікті процесті созғысы келмейтінін айтты. Судья оның өтінішіне қатысты шешім қабылдады.

Бүгiн 2026, 17:03
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 17:03
Бүгiн 2026, 17:03
338
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот отырысы  барысында күдікті денсаулығына байланысты келесі отырысқа да онлайн форматта қатысуға рұқсат беруді сұрады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қызуы көтеріліп тұрғанына қарамастан, ол процесті тоқтатқысы келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья келесі сот отырысында күдікті Александр Пактан жауап алынатынын айтты. 

Алайда күдікті сотта таңертеңнен бері қызуы көтеріліп отырғанын айтып, егер мүмкіндік болса, барлық сұрақтарға онлайн форматта жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Процесті тоқтатқым келмейді, созғым келмейді. Қазірдің өзінде таңертеңнен бері қызумен отырмын. Егер мүмкіндік болса, барлық сұрақтарға онлайн форматта жауап беруге дайынмын, – деді ол.

Сонымен қатар ол дәлел ретінде медициналық қызметкер шақыртуға да әзір екенін айтып, жағдайын сот залына қашықтан көрсетуге болатынын жеткізді.

Қызуыммен отырып, сотты кейінге қалдыруды сұрауыма болар еді. Бірақ бәрі тезірек аяқталғанын қалаймын, жәбірленушілерді де қайта-қайта мазалағым келмейді, – деді күдікті.

Алайда судья келесі отырысқа күдікті Пак офлайн қатысатынын айтты. Кезекті сот отырысы 12 маусымға белгіленді.

Айта кетейік, бүгін Алматыда 21 наурызға қараған түні үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы өтті. Сот куәгерлерден жауап алудан басталды. 

Сонымен қатар, бүгін үшінші жәбірленуші тарап та күдікті Александр Пакқа кешірім бергені белгілі болды. 

Тағы оқи отырыңыз: "Жүргізуші ештеңе айта алмады": Алматыдағы жол апатына алғаш жеткен полицейден жауап алынды 

"Ішімдік болды ма?": Алматыдағы қанды апат бойынша сотта куәгер жауабын өзгертті 

Наверх