Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 gov.kz 16 Қыркүйек 2023, 19:12
16 Қыркүйек 2023, 19:12
1399
Фото: gov.kz

Елордада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұқаралық іс-шараның негізгі мақсаты - қаламыздағы тазалықты сақтау проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр.

Бас прокуратура қызметкерлері бұл ретте шетте қалмай, Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы (Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейін) учаскені тазартуға өз үлестерін қосты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, прокурорлар азаматтарды тазалық шараларын жиі өткізуге шақырады, өйткені бұл біздің экологиямызды жақсартуға үлес қоспақ.

Наверх