Прокурорлар арасында «Абай оқулары» байқауы өтті

5 Қазан 2019, 00:47
3066
Бөлісу:
Прокурорлар арасында «Абай оқулары» байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас көлік прокуратурасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық аясында көлік прокуратурасының жас мамандары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті.  

Ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау және көлік прокуратурасы органдарында мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру мақсатында өткізілген байқауға көлік прокуратурасы органдарының 8 аймағынан қызметкерлер қатысты.

Жас прокурорлар  ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтып, өздерінің жоғары шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

«Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Қандыағаш көлік прокуратурасының прокуроры Мейрамбек Койлыбаев, 2-орынды Бас көлік прокуратурасының аға прокуроры Мейіржан Қалиасқаров, 3-орынды Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры Дінмұхаммед Кемел иеленді», - делінген таратылған ақпаратта.

Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен, ал қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы