Прокурор Бишімбаев әйелін не үшін өлтіргенін айтты

4 Мамыр 2024, 10:30
4089
Бөлісу:
Прокурор Бишімбаев әйелін не үшін өлтіргенін айтты
Фото: Видеодан кадр

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаев Нүкенованы не үшін өлтіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр.

Құрметті сот! Сонда адамды бір нәрсе үшін өлтіру керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді... Тағы маңызды мәселеге тоқталсақ, Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актінде Салтанат өлген уақыт екі түрлі көрсетілген. Олар Салтанат кешкі уақытта қайтыс болғанын айтады, бірақ бұл олай емес. Егер айыптау актін қарасақ, Бишімбаев 9 қарашаға қараған түн ұра бастаған. Оған куәгерлердің айғағы да дәлел. Кейін ол жерге Байжанов келген соң Бишімбаев ұруын тоқтатқан, - деді Аймағанова.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Нүкенова соққыдан кейін 7-8 сағаттан соң басына қан ұйығаннан қайтыс болған. 

Сондай-ақ прокурор Байжановтың сол түні болған оқиғаларды жақсы түсінген айтты.

Байжанов ресторонды жапқан, ол жердегі видеоларды өшірген жәнеде Нүкенованың телефонын алып жүрген. Онымен қоса, ол нашатырь сатып алған және таныс дәрігерге хабарласқан. Байжанов мұның бәрін біліп істеді, не істеп жатқанын жақсы түсінді, - деді Айжан Аймағанова.

Еске сала кетсек, кеше сотта Байжановтың әйелі сөз сөйлеген еді.

Өзгелердің жаңалығы