Прокуратурада қаржылық пирамидалармен күресу мәселелері талқыланды

11 Сәуір 2024, 21:05
345
Бөлісу:
Прокуратурада қаржылық пирамидалармен күресу мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен алаяқтық және қаржылық пирамидалармен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тимур Тәшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиісінше орындау және осы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында орталық құқық қорғау органдары мен уәкілетті ведомстволардың басшылары атқарылған жұмыстар, сондай-ақ жүргізіліп жатқан ауқымды профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады.

Прокуратурада қаржылық пирамидалармен күресу мәселелері талқыланды

Ішкі істер министрінің орынбасары А. Рысбаев осындай қылмыстық істерді ашуға заманауи құрал-жабдықтардың қолданылуы туралы айтып, қатысушыларды 45 миллионнан астам ауыстырылатын нөмірлерден жасалған алаяқтық қоңыраулардың бұғатталғаны туралы хабардар етті.

Отырыс соңында төрағалық етуші барлығына осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырып, сонымен бірге аталған қылмыстарға қарсы күресте мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін атап айтты.

Өзгелердің жаңалығы