Прокуратура сайлаушыларға естелік сыйлық берудің мәнін түсіндірді

10 Қаңтар 2021, 21:58
2870
Бөлісу:
Прокуратура сайлаушыларға естелік сыйлық берудің мәнін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де сайлау күні заңдылықтың сақталуы тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин сайлаушыларға берілетін естелік сыйлықтар туралы айтты.

Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдар сияқты азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға міндетті. Бұл жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңның 9-бабымен талап етіледі. Бірақ өтініш оны қарайтын субъектіге немесе лауазымды адамға жазбаша, ауызша немесе электронды құжат, бейнеконференц байланыс, бейнеөтініш нысанында жіберілуі тиіс. Соңғы айтылған екі нысандағы өтініш Электрондық үкіметтің веб порталында және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі.

Сондай-ақ, брифинг кезінде сайлаушыларға естелік сыйлықтар берудің заңдылығы туралы айтып берді.

Бұл ешқандай заңға қайшы келмейді. Заңмен реттелмеген. Мұндай әрекеттер электоратты азаматтық ұстанымын білдіруге ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, дауыс беру кезінде сайлаушылардың ерік білдіруіне әсер етпейді. Сонымен қатар, бұл сайлаушыны сатып алу болып табылмайды. Өйткені олар дауыс бергеннен кейін беріледі және қандай да бір партияның атынан емес, - деді Азамат Сарғазин Орталық коммуникациялар қызметінде.
Өзгелердің жаңалығы