Прокуратура Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың тізімі не себепті жарияланбай отырғанын айтты

14 Наурыз 2022, 12:09
2602
Бөлісу:
Прокуратура Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың тізімі не себепті жарияланбай отырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімі не себепті жарияланбай отырғанын айтты.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты осы мәселеге қатысты Бас прокурорға сұрақ қойған болатын.

Бұл сұрақтың қойылғаны дұрыс деп есептеймін. Біз «Қаңтар-2022» деген тізімді зерделедік. Оның тізімі толығымен дұрыс деп айта алмаймын. Онда шикіліктер бар. Оның сізбен жеке кездесуде де айта аламыз. Бірақ қаза тапқандардың тізімін ресми түрде жарияламағанымызды айтқым келеді. Оны жариялау туысқандарына қосымша қайғы әкеледі деп ойлаймыз. Сол себепті осы мақсатта ол тізімді жарияламадық, - деп жауап берді Асылов.

Бас Прокурор қаза тапқан 230 адамның өлімі бойынша көптеген іс қозғалғанын айтты.

Оның ішінде адам өлу фактілері бойы 94 іс, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды, - деп атап өтті ол.

Берік Асылов тергеу кезінде осы істердің мән-жайын, кімнің бейбіт тұрғын екенін анықтап, депутатқа баяндайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, заң бойынша тергеу амалдары кезінде шектеу бар екенін айтты.

Кімнің кім екенін қылмыстық істерді тергеу кезінде зерделенеді. Ол анықталғаннан кейін ғана жариялай аламыз, - деп толықтырды Бас прокурор.

Өзгелердің жаңалығы