Прокуратура: Өз еркімен қару тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

25 Қаңтар 2022, 19:11
887
Бөлісу:
Прокуратура: Өз еркімен қару тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Ол атағандай, құқық қорғау органдары қылмыстық істерді тергеумен қоса, жымқырған қаруларды іздеу және оларды алып қою жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қаруларды өз еркімен тапсыру мүмкіндігі бар. Өз кезегінде Бас прокуратура заңсыз сақталған қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған тұлғаларға қылмыстық жауаптылығынан босату кепілін береді (Егерде олардың әрекеттерінде өзге қылмыс болмаған жағдайда – Прокуратура), - деп атап өтті Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ адам қарумен жүріп, құқық қорғау органдары ұстаса, онда мұндай жағдай өз еркімен қаруды тапсыру деп танылмайды.

Ішкі істер органдарына заңсыз айналыммен атыс қарулар алу бойынша жедел іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жандандыру туралы тапсырма берілді. Прокурорлар жергілікті процеске қатысушылардың Конституциялық құқықтарын сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстық істерді объективті тергелуі бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр, - деп қорытындылады өз сөзін Бас прокуратура өкілі ОКҚ алаңында.

Өзгелердің жаңалығы