Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

6 Наурыз 2024, 10:30
243
Бөлісу:
Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады
Фото: BAQ.KZ -архив

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты және сапалы қарау – прокурорлар жұмысының басты басымдықтарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдарына ағымдағы жылдың басынан бастап азаматтар мен заңды тұлғалардан 43 мың жолданым келіп түсті. Жолданымдардың үштен бірінен астамы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің заңдылығы туралы – 19 мың, әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелерге қатысты – 6,4 мың. Сондай-ақ, арыз иелері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерімен келіспеушіліктерін 4,4 мың жолданымда білдірді. Олардың 26,7 мыңнан астамы прокурорлармен тікелей қаралып, 12,4 мың құзыреті бойынша уәкілетті органдарға жолданды.

Жеке қабылдаулар барысында прокурорлар 9 мыңнан астам азаматты қабылдады, соның ішінде 6 мыңнан астамы прокуратура басшыларымен, яғни әрбір үшінші жолданым арыз берушінің қатысуымен қаралды.

Қарау нәтижелері бойынша 5,8 мың арыз берушінің құқықтары қорғалды, 800 астам прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілді.

Прокурорлар 3,2 мың жолданым бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғады.Қылмыстық қудалау органдарының 337 заңсыз процестік шешімдерінің күші жойылды (істерді тоқтату туралы, мерзімін үзу туралы және т.б.), прокурорлармен істерді объективті шешуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша 498 нұсқау берілді, - делінген ақпаратта.

Мысалы, Бас прокуратураға адвокат Б.Келдібеков «Комтел – Желілік Жүйелері» ЖШС-нің басшылығы Австрия азаматы А. Керестештің мүддесі үшін бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша негізсіз қылмыстық қудалауға шағым түсірді.

2023 жылғы желтоқсанда шағымды қарау нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Бас прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.

Прокуратураның тағы бір міндеті - әлеуметтік-экономикалық салада азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына «Барыс» жеке кәсіпкері Ж.Әнуарбек мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша «Таза-Өскемен» ЖШС-мен берешекті төлемеу туралы жүгінді.

Өскемен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдаудың нәтижесінде 113 бизнес субъектісіне берешек анықталды.

Енгізілген қадағалау актісі бойынша бүгінгі күнде 18 кәсіпкер алдындағы 166 млн. теңгеге берешек өтелді.

Жалпы прокуратура органдары азаматтардың проблемаларын шешуге бағытталған және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауда және қалпына келтіруде жәрдем көрсетуге барынша ашық.

Өзгелердің жаңалығы