Прокуратура интернет алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді

22 Тамыз 2023, 21:46
767
Бөлісу:
Прокуратура интернет алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді

Алаяқтардың ең көп таралған схемаларының бірі - белгісіз тұлғалардың сіздің атыңызға несие рәсімдегені туралы хабарламамен және "AnyDesk"мобильді қосымшасын орнату туралы ұсыныспен қоңырау шалу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарыда аталған қосымшаны орнатқаннан кейін алаяқтар иесінің смартфонына толық қол жеткізе алады және қолма-қол ақшаны есептен шығарып, несие рәсімдей алады.

Сондай-ақ, " OLX " әлеуметтік желілері арқылы тауарларды сату арқылы алдау тәсілдері бар.

Осыған байланысты, жеке мәліметтеріңізге мұқият болыңыздар. Белгісіз сайттардан тапсырыс беру кезінде тауарды алғаннан кейін төлем жасаңыз. Белгісіз абоненттермен телефон арқылы сөйлесуді тоқтатыңыз. Банктің ресми нөмірі бойынша ақпаратты екі рет тексеріңіз, - деді Ақмола облысының прокуратурасы. 

Өзгелердің жаңалығы