Төтенше жағдай: Прокуратура азаматтарды қабылдауды тоқтатты

17 Наурыз 2020, 18:21
1061
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Прокуратура азаматтарды қабылдауды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура коронавирустің таралу қаупін төмендету мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап прокуратура органдарында, соның ішінде құқық қорғау қызметтері орталықтарында, азаматтарды жеке қабылдаудың уақытша тоқтатылағанын хабарлайды.

Бұл ретте, қабылдауға бұрын жазылып қойған азаматтардың кезегі сақталады және қабылдау басталған соң олар жаңа кесте туралы қосымша хабардар етілетін болады.  Сонымен қатар өтініштерді "e-gov" электрондық үкімет порталы, "Қазпошта" АҚ қызметі, сондай-ақ прокуратура ғимараттарында орналасқан өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктер арқылы жөнелту мүмкіндігі сақталады - делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Прокуратура органдарында өтініштердің қаралу мәселелері туралы прокуратураның тегін 115 Call-орталығына және өңірлік прокуратураларға хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы