Прокуратура «АрселорМиттал Темиртауға» тексеріс жүргізуде – Өскенбаев

14 Желтоқсан 2022, 10:01
855
Бөлісу:
Прокуратура «АрселорМиттал Темиртауға»  тексеріс жүргізуде – Өскенбаев

«АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, – деді Өскенбаев.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, заңсыз берілген кен орындарын қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жасалған 87 келісімшарттың 40-ы өз күшін жойып, 47 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарты қайтарып алынды. 25 жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді, – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы